Абай Құнанбайұлының әндері

Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын әрі ойшыл ғана емес, сонымен қатар талантты композитор. Ол қазақ музыкасына зор үлес қосып, көптеген әсем әндер қалдырды.

     
1. Айттым сәлем, Қаламқас
Айттым сәлем, қалам қас, Саған құрбан мал мен бас. Сағынғаннан сені ойлап, Келер көзге ыстық жас. Сенен артық жан тумас, Туса туар — артылмас. Бір өзіңнен басқаға Ынтықтығым айтылмас. Асыл адам айнымас, Бір бетінен қайрылмас. Көрмесем де, көрсем де, Көңлім сенен айрылмас. Көзім жатқа қарамас, Жат та маған жарамас. Тар төсекте төсіңді Иiскер ме едім жалаңаш? Иығымда сіздің шаш, Айқаласып тай-талас, Ләззет алсақ болмай ма, Көз жұмулы, көңіл мас? Сізде сымбат, бізде ыхлас, Осы сөзім бәрі рас. Сіздей жардың жалғанда Қызығына жан тоймас. Етің, етке тигенде, Демің, тиіп сүйгенде, Тән шымырлап, бой ерiп, Ішім оттай күйгенде. Жүрек балқып игенде, Ішкі сырды түйгенде, Іздеп табар сұңқармын, Жарастықты шүйгенде. Қылығыңда жоқ оғат, Қарап тойман жүз қабат, Ыстық тартып барасың Бір сағаттан бір сағат. Сіз — қырғауыл жез қанат, Аш бетіңді, бер қарат, Жақындай бер жуықтап, Тамағыңнан аймалат!
0:00 / 0:00
2.Көзімнің қарасы
Көзімнің қарасы, Көңілімнің санасы, Бітпейді ішімде, Ғашықтың жарасы. Қазақтың данасы, Жасы үлкен ағасы. Бар демес сендей бір Адамның баласы. Жылайын, жырлайын, Ағызып көз майын. Айтуға келгенде, Қалқама сөз дайын. Жүректен қозғайын, Әдептен озбайын. Өзі де білмей ме, Көп сөйлеп созбайын. Тереңдеп қарайсың, Телміріп тұрмайсың. Бихабар жүргенсіп, Бек қатты сынайсың. Сан кісі мұңайсын, Сабырмен шыдайсың. Күйемін, жанамын, Еш рахым қылмайсың. Ақылсыз би болмас, Сәулесіз үй болмас. Жүректе оты жоқ, Адамда ми болмас. Шын ғашық сый болмас, Сый болса, сыр болмас. Арызымды айтайын, Құй болар, құй болмас. Кең маңдай, қолаң шаш, Я бір кез, я құлаш. Ақ тамақ, қызыл жүз, Қарағым, бетіңді аш! Қара көз, имек қас, Қараса жан тоймас. Аузың бал, қызыл гүл, Ақ тісің кір шалмас. Қыр мұрын, қыпша бел, Солқылдар соқса жел. Ақ етің үлбіреп, Өзгеше біткен гүл. Қарағым, бермен кел, Бізге де көңілің бөл, Қалқамның нұсқасын, Көр, көзім, бір кенел. Қайғың – қыс, жүзің – жаз, Боламын көрсем мәз. Күлкіңіз бойды алар, Бұлбұлдай шықса әуез. Кісімсіп дүрдараз, Бұраңдап қылма наз. Мал түгіл басымды, Жолыңа берсем де аз. Иісің – гүл аңқыған, Нұрың – күн шалқыған. Көргенде бой еріп, Сүйегім балқыған. Қаяусыз қалпынан, Өзі артық даңқынан. Қызыл тіл шыға алмас, Мақтаудың шартынан. Сенсің – жан ләззәті, Сенсің – тән шәрбәті. Артықша жаратқан, Алланың рахматы. Көрік – тәңірі дәулеті, Қылса ұнар құрметі. Сұлуды сүймектік — Пайғамбар сүндеті. Не десем саған еп? Ғашығың да қайғы жеп. Өртенген жүрекке, Бір көрген болар сеп. Біздердей ғашық көп, Қайсысы саған дөп? Жөндеп те айтпадым, Жүрегім лүпілдеп. Назыңа кім шыдар? Бұраңдап жүр шығар. Қасқая күлгені, Қылады тым құмар. Ер емес қымсынар, Әркім-ақ ұмсынар. Құдай-ау, бұл көңілім, Күн бар ма бір тынар?
0:00 / 0:00
3. Желсіз түнде жарық ай
Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны терең сай, Тасыған өзен күрілдеп. Қалың ағаш жапырағы Сыбырласып өзді-өзі, Көрінбей жердің, топырағы, Құлпырған жасыл жер жүзі. Тау жаңғырып, ән қосып Үрген ит пен айтаққа. Келмеп пе едің жол тосып Жолығуға аулаққа? Таймаңдамай тамылжып, Бір суынып, бір ысып, Дем ала алмай дамыл қып, Елең қағып, бос шошып. Сөз айта алмай бөгеліп, Дүрсіл қағып жүрегі, Тұрмап па еді сүйеніп, Тамаққа кіріп иегі?
0:00 / 0:00
4. Бойы бұлғаң
Бойы бұлғаң, Сөзі жылмаң Кімді көрсем, мен сонан Бетті бастым, Қатты састым, Тұра қаштым жалма-жан. Өз ойында, Тұл бойында Бір міні жоқ пендесіп, Түзде мырзаң, Үйде сырдаң, Сөзі қылжаң еркесіп. Бас құрасып, Мал сұрасып, Бермегенмен кетісер. Адам аулап, Сыпыра саулап, Байды жаулап жетісер. Сөз қыдыртқан, Жұрт құтыртқан, Антын, арын саудалап. Бұтты-шатты, Үй санатты, Байдан атты алмалап. Кедейі — ер, Кеселі зор, Малды байдан сорлы жоқ. Аш көмектің, Жемдемектің, Босқа әлектің орны жоқ. Ел қағынды, Мал сабылды, Ұрлық, өтірік гу де гу. Байы — баспақ, Биі саспақ, Әулекі аспақ сыпыра қу. Ақы берген, Айтса көнген, Тыныштық іздер елде жоқ. Аққа тартқан, Жөнге қайтқан, Ақыл айтар пенде жоқ. Әз тұтуға, Сыйласуға Қалмады жан бір татыр. Сыпыра батыр, Пәле шақыр, Болдың ақыр тап-тақыр. Су жұғар ма, Сөз ұғар ма, Сыпыра жылмаң желбуаз? Айтты — көндім, Алды — бердім, Енді өкіндім — өзіме аз.
0:00 / 0:00
5. Домбыраға қол соқпа
Домбыраға қол соқпа, Шымырлатып бір-бірлеп. Жүрегім, соқпа, кел тоқта, Жас келер көзге жүр-жүрлеп. Қайғылы көңілім қайдағы Бұрынғымды жаңғыртар. Қайратты алып бойдағы, Басымды қайғы қаңғыртар. Онан да жылы жүзіңмен Кел, жарым, қара бетіме. Жылы, тәтті жауап айт Іштегі қайғы дертіме. Іштегі ескі жалынды Сөндір жаңа қылықпен. Сөйлесші жақсы, жағымды Мендей көңілі сынықпен. Сынық көңілім көп кешер, Майда қолмен ұстасаң. Көңілге түрлі ой түсер, Әр тереңге нұсқасаң. Күйлі, күйсіз бәйгеге Қажыды көңілім көп шауып. Көп қинамай әрнеге, Енді семірт, жем тауып.
0:00 / 0:00
6. Өзгеге, көңілім, тоярсың
Өзгеге, көңілім, тоярсың, Өлеңді қайтіп қоярсың? Оны айтқанда толғанып, Іштегі дертті жоярсың. Сайра да зарла, қызыл тіл, Қара көңілім оянсын. Жыласын, көзден жас ақсын, Омырауым боялсын. Қара басқан, қаңғыған, Хас надан нені ұға алсын? Көкірегінде оты бар, Құлағын ойлы ер салсын. Тыңдамаса еш адам, Өз жүрегім толғансын. Әр сөзіне қарасын, Іштегі дертім қозғалсын. Әуелесін, қалқысын, От-жалын боп шалқысын. Жылай-жырлай өлгенде, Арттағыға сөз қалсын. Мендей ғаріп кез болса, Мойын салсын, ойлансын. Қабыл көрсе сөзімді, Кім таныса, сол алсын. Не пайда бар - мың надан Сыртын естіп таңдансын. Онан дағы бір есті Ішкі сырын аңғарсын. Өздерің де ойлаңдар, Неше түрлі жан барсың. Ғылым да жоқ, ми да жоқ, Даладағы аңдарсың. Жүрегіңмен тыңдамай, Құлағыңмен қармарсың. Соны көріп, соларға Қайтіп қана сарнарсың?!
0:00 / 0:00
7. Сегіз аяқ
Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған. Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағыны жетіп қайырған — Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең өзің біл. Өткірдің жүзі, Кестенің бізі Өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан, Білмеске арзан, Надандар бәһра1 ала алмас. Қиналма бекер, тіл мен жақ, Көңілсіз құлақ – ойға олақ. Басында ми жоқ, Өзінде ой жоқ, Күлкішіл кердең наданның. Көп айтса көнді, Жұрт айтса болды — Әдеті надан адамның. Бойда қайрат, ойда көз Болмаған соң, айтпа сөз. Қайнайды қаның, Ашиды жаның, Мінездерін көргенде. Жігерлен, сілкін, Қайраттан, беркін Деп насихат бергенде, Ұятсыз, арсыз салтынан, Қалғып кетер артынан. Аулаққа шықпай, Сыбырлап бұқпай, Мейірленбес еш сөзге. Пайдасыз тақыл — Байлаусыз ақыл, Атадан бала ойы өзге. Санасыз, ойсыз, жарым ес, Өз ойында ар емес. Тасыса өсек, Ысқыртса кесек, Құмардан әбден шыққаны. Күпілдек мақтан. Табытын қаққан2 — Аңдығаны, баққаны. Ынсап, ұят, терең ой Ойлаған жан жоқ, жауып қой. Болмасын кекшіл, Болсайшы көпшіл, Жан аямай кәсіп қыл. Орынсыз ыржаң, Болымсыз қылжаң Бола ма дәулет, нәсіп бұл? Еңбек қылсаң ерінбей — Тояды қарның тіленбей. Егіннің ебін, Сауданың тегін Үйреніп, ойлап, мал ізде. Адал бол – бай тап, Адам бол – мал тап, Қуансаң қуан сол кезде. Біріңді қазақ, бірің дос Көрмесең, істің бәрі бос. Малыңды жауға, Басыңды дауға Қор қылма, қорға, татулас. Өтірік, ұрлық, Үкімет зорлық Құрысын, көзің ашылмас. Ұятың, арың оянсын, Бұл сөзімді ойлансын. Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық Аздырар адам баласын. Таласып босқа, Жау болып досқа, Қор болып, құрып барасың. Өтірік шағым толды ғой, Өкінер уақытың болды ғой. Жұмыссыз сандал, Еріксіз малды ал Деген кім бар сендерге? Қулықты көргіш, Сұмдықты білгіш Табылар кісі жөн дерге. Үш-төрт жылғы әдетің Өзіңе болар жендетің. Ауырмай тәнім, Ауырды жаным, Қаңғыртты, қысты басымды. Тарылды көкірек, Қысылды жүрек, Ағызды сығып жасымды. Сүйеніп күлкі тоқтыққа, Тартыпты өнер жоқтыққа. Қайратым мәлім, Келмейді әлім, Мақсұт – алыс, өмір – шақ. Өткен соң базар, Қайтқан соң ажар, Не болады құр қожақ?! Кеш деп қайтар жол емес, Жол азығым мол емес. Бір кісі мыңға, Жөн кісі сұмға, Әлі жетер заман жоқ. Қадірлі басым, Қайратты жасым Айғаймен кетті, амал жоқ. Болмасқа болып қара тер, Қорлықпен өткен қу өмір. Сөзуар білгіш, Законшік, көргіш, Атанбақ – мақсұт, мақтанбақ. Жасқанып, қорқып, Жорғалап, жортып, Именсе елің, баптанбақ. Қарғағанын жер қылмақ, Алдағанын зор қылмақ. Хош, қорықты елің, Қорқытқан сенің Өнерің қайсы, айтып бер. Ел аңдып сені, Сен аңдып оны, Қылт еткізбей бағып көр. Ойнасшыл қатын болса қар, Аңдыған ерде қала ма ар? Көмексіз көзің, Бір жалғыз өзің Баға алмай, басың сандалар. Бауырыңа тартқан, Сырыңды айтқан Сырласың сырт айналар. Ол қаны бұзық ұры-қар, Қапысын тауып сені алар. Басы-көзі қан боп, Арқа-басы шаң боп, Және тұрып жалпылдап; Жығылып тұрып, Буыны құрып, Тағы қуып салпылдап — Абұйыр қайда, ар қайда? Әз басыңа не пайда? Ит үрсе, бала Таяғын ала, Қуады итпен кектесіп. Ұрысқансып "ой" деп, "Ұят" деп, "қой" деп, Үлкендер тыяр "тек" десіп. Оны білсең, мұның не? Мен де ұят іс қылдым де. Білгенге жол бос, Болсайшы қол бос, Талаптың дәмін татуға. Білмеген соқыр, Қайғысыз отыр, Тамағы тойса жатуға. Не ол емес, бұл емес, Менің де күнім – күн емес. Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім. Құлағын салмас, Тіліңді алмас, Көп наданнан түңілдім. Екі кеме құйрығын Ұста, жетсін бұйрығың. Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Онан да шықты жаңғырық. Естісем үнін, Білсем деп жөнін, Көп іздедім қаңғырып. Баяғы жартас – бір жартас, Қаңқ етер, түкті байқамас. Жаяуы қапты, Аттысы шапты, Қайрылып сөзді кім ұқсын. Іште дерт қалың, Ауыздан жалын Бұрқ етіп, көзден жас шықсын. Күйдірген соң шыдатпай, Қоя ма екен жылатпай? Мамықтан төсек, Тастай боп кесек, Жамбасқа батар, ұйқы жоқ. Сыбыр боп сөзі, Мәз болып өзі, Ойланар елдің сиқы жоқ. Баяғы қулық, бір алдау, Қысылған жерде – жан жалдау. Атадан алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ. Ағайын бек көп, Айтамын ептеп, Сөзімді ұғар елім жоқ. Моласындай бақсының Жалғыз қалдым – тап шыным 1 Бәһра (парсыша) – пайда, білімнен үлес. 2 Табытын қаққан – Кісі өлімі сирей бастаса, мешіттің ашкез, надан мәзендері мешіт қоймасында тұратын өлген адамды салып шығаратын табытты таяқпен қағып, өлім шақыратын жаман әдеті болған. Ақын соны ауыспалы мағынасында қолданған.
0:00 / 0:00
8. Қараңғы түнде тау қалғып
Қараңғы түнде тау қалғып Ұйқыға кетер балбырап Даланы жым-жырт, дел-сал ғып Түн басады салбырап Шаң шығармас жол-дағы Сілкіне алмас жапырақ Тыншығарсың сен-дағы Сыбыр қылсаң азырақ
0:00 / 0:00
9. Қансонарда бүркітші шығады аңға
0:00 / 0:00
10. Мен саған ғашықпын
0:00 / 0:00
11. Қараңғы түнде тау қалғып
Сегіз аяқ, сегіз сыр, Әрқайсысы өзге түр. Өмір деген осындай, Әр адамның өз ойы бар. Қайда барсам да, қайда тұрсам, Жолымды өзім таңдаймын. Өмір деген не, мақсат деген не, Әр кезде өзше түсінемін.
0:00 / 0:00
12. Қараңғы түнде тау қалғып
Сегіз аяқ, сегіз сыр, Әрқайсысы өзге түр. Өмір деген осындай, Әр адамның өз ойы бар. Қайда барсам да, қайда тұрсам, Жолымды өзім таңдаймын. Өмір деген не, мақсат деген не, Әр кезде өзше түсінемін.
0:00 / 0:00
13. Қараңғы түнде тау қалғып
Сегіз аяқ, сегіз сыр, Әрқайсысы өзге түр. Өмір деген осындай, Әр адамның өз ойы бар. Қайда барсам да, қайда тұрсам, Жолымды өзім таңдаймын. Өмір деген не, мақсат деген не, Әр кезде өзше түсінемін.
0:00 / 0:00

Бұл әндер қазақ поэзиясы мен музыкасының тереңдігін көрсетеді. Көптеген әндер халық арасына тарап, бүгінгі күнге дейін орындалып келеді.

Абайдың күй мұрасы Абайдың музыкалық шығармашылығында күй де ерекше орын алады. Ол бірнеше күйдің авторы болған.

1. кюй
Сегіз аяқ, сегіз сыр, Әрқайсысы өзге түр. Өмір деген осындай, Әр адамның өз ойы бар. Қайда барсам да, қайда тұрсам, Жолымды өзім таңдаймын. Өмір деген не, мақсат деген не, Әр кезде өзше түсінемін.
0:00 / 0:00
2. кюй
Сегіз аяқ, сегіз сыр, Әрқайсысы өзге түр. Өмір деген осындай, Әр адамның өз ойы бар. Қайда барсам да, қайда тұрсам, Жолымды өзім таңдаймын. Өмір деген не, мақсат деген не, Әр кезде өзше түсінемін.
0:00 / 0:00
3. кюй
Сегіз аяқ, сегіз сыр, Әрқайсысы өзге түр. Өмір деген осындай, Әр адамның өз ойы бар. Қайда барсам да, қайда тұрсам, Жолымды өзім таңдаймын. Өмір деген не, мақсат деген не, Әр кезде өзше түсінемін.
0:00 / 0:00

Бұл күйлерді Абайдың ұрпақтары – ұлы Ақылбай мен немересі Исраил жеткізген. Олар қазақтың аспаптық музыка мұрасының бір бөлігіне айналды.