Арнайы мектептер – техникалық және өзге де көмекшi құралдарды, сондай-ақ медициналық, әлеуметтiк және кемтар балалардың бiлiм беру бағдарламаларын игеруi онсыз мүмкiн болмайтын өзге де қызметтердi қоса алғанда, арнаулы бiлiм алу үшiн жасалатын жағдайларды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары.

Арнайы мектептер:

 1) көру қабілетінің бұзылыстары бар балалар үшін;

 2) есту қабілетінің бұзылыстары бар балалар үшін;

 3) сөйлеу қабілетінің ауыр бұзылыстары бар балалар үшін;

 4) Тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балалар үшін;

 5) зерде бұзылыстары бар балалар үшін;

 6) психикалық дамуы тежелген балалар үшін;

 7) эмоционалды-ерік аясы және мінез-құлығы бұзылған балалар үшін;

 8) осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген

балалар санаттарын біріктірген кезде құрылады.

1.Арнайы мектептерге балаларды қабылдау “Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңына сәйкес психологиялықмедициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі – ПМПК) қорытындысы негізінде жүргізіледі.
 Арнайы мектептер болмаған кезде жалпы білім беретін мектептерде 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген балалар үшін арнайы сыныптар құрылады.
2. Арнайы мектептегі оқу сабақтар кестесі “Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына сәйкес арнайы мектептің әкімшілігімен әзірленеді және бекітіледі.
3. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу негізгі мектепте оқу мерзімін ұзартуына байланысты оқу материалдарын өзгертіп және қайта бөліп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, “Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8170 болып тіркелген) бекітілген үлгілік оқу жоспарларына, “Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру жалпы білім беру оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.4. Қажет болған жағдайда арнайы мектептердің педагогтары түзету сабақтарын ұйымдастыру мәселелері бойынша ата-аналар (заңды өкілдер) үшін консультация жүргізеді.

Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау
Қызметті онлайн алу

1. Порталда авторизациядан өтіп “Онлайн сұратым” батырмасын басыңыз.

2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).

3. Жеке кабинетте (“Қызметтерді алу тарихы” бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

1. Көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) арнайы білім беру ұйымына, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы (еркін нысанда) өтініші.

2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.