Фонетика

Айтылу,жасалу жолдарына қарай
1. Жуан буынды сөз
2. Жіңішке буынды сөз
3. Аралас буынды сөз

Буын
1.Ашық (а.б.) Ба-ла, А-та
2. Тұйық (т.б.) Ор, ант, ар
3. Бітеу (б.б.) Мек-теп, бор

Тасымал
(у) жа-уап
(й) қа-йық

Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы арқылы екінші жолға тасымалданады. Тасымал дауыссыз дыбыстан басталып жасалады. Мысалы, қа-раторғай, қара-торғай, қаратор-ғай; күн-делікті, күнде-лікті, күнделік-ті, т.б.

Дыбыстар(37)
1.Дауысты дыбыстар: (12) а, ә, о, ө, е, э,
ы, і, ұ, ү, и, (у)
2.Дауыссыз дыбыстар : (25) б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,ң,н,
п,р,с,т,ф,х,һ,ч,ц,ш,щ,(у)

Дауыссыз дыбыстар
1. Қатаң дауыссыз дыбыстар таза салдырдан жасалады. Қатаң дауыссыз дыбыстар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.
2. Ұяң дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з – салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалады. Ұяң дауыссыз дыбыстарда үннен салдыр басымырақ болады.
3. Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстар үнді дауыссыз дыбыстар деп аталады. Олар: р, л, й, у, м, н, ң.

Дауысты дыбыстар
Тілдің қатысына қарай :
1) жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, у.
Жуан дауысты дыбыстарды айтқанда тіл артқа тартылып, тіл үсті дөңестенеді.
2) жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, і, е, и, э, у.
Жіңішке дауысты дыбыстар тіл ұшының ілгері созылуы арқылы жасалады.

Жақтың қатысына қарай :
1) ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, о, ө, е, э.
2) қысаң дауыстылар: ы, і, и, ұ, ү, у. Қысаң дауыстыларды айтқанда, жақ кең ашылмай, ауа қысылып шығады.

Ерін мен езудің қатысына қарай :
1) еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.
2) езулік дауыстылар : а, ә, е, и, э, ы, і.

Үнді дыбыстар
1.Ауыз жолды: р, л, й, у
2.Мұрын жолды: м, ң, н

Айтылу жолына қарай
1.Шұғыл : б, п, д, т, ц, с, к, қ, ч
2.Ызың: в, ф, з, с, ж, ш, щ, ғ, х, һ
3.Діріл: р

Екпін
Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні болып бөлінеді.

Сөз екпіні – екі немесе көп буынды сөздің бір буынының көтеріңкі айтылуы. Көктем таңының мұншалық сұлулығын бұрын байқамапты.

Ой екпіні – сөйлем ішіндегі бір сөзді оқшаулап, даралап бөліп айту. Ой екпіні түсетін сөз көбінесе баяндауыштың алдында тұрады.

Үндестік заңы
1.Дыбыс үндестігі
2.Буын үндестігі

Дыбыс үндестігі
1.Ілгерінді ықпал-алдыңғы дыбыстардың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі, игеруі. Жас бала – жаспала.(с – б = сп)
2.Кейінді ықпал (регресивті)-прогрессивті ықпалға қарама-қарсы, кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеруі.
Курек + і – курегі ( К-і=гі)
3.Тоғыспалы ықпал – көрші дыбыстардың ілгері-кейінді қарсы әсері. Бұл сөзбен сөздің
арасында кездеседі.
Досжан- дошжан
(СЖ-ШЖ)

Жасалу орнына қарай
Ерін дауыссыздары: б, п, м, у
Тіс пен ерін дауыссыздары: в, ф
Тіс дауыссыздары: з, с, д, ж, л, ц
Тіл алды дауыссыздары: х, ш, щ, ч, н, л, р
Тіл ортасы дауыссыздары: к, г
Тіл арты дауыссыздары: қ, ғ, ң, х
Көмей дауыссыздары: һ