КҮН МИФОЛОГИЯСЫ

Химия

“Алаша хан” есімі қазақ халқының шежіре аңыздарында кездесіп қалады. Қазақтың ұлттық сана-сезіміндегі ұлттың екінші аты болып есептелетін “Алаш” сөзінің маңызы тіпті де жоғары. Алаш қазақ халқының төлқұжаты, сондықтан оның табиғатын түсіну қажеттілігін айтпай-ақ қоюға болады. Алаш туралы толыққанды шежіре аңызы бірен-саран, олардың да көпшілігі бір-екі ауыз сөз түрінде ғана сақталған. Сондықтан бұл сөздің мифтік сырын тану қапелімде оңай бола қоймайтыны сөзсіз. Енді қолда бар екі аңызға тоқталайық.

Бірінші аңыз нұсқасы. “Давно, очень давно, был в Туране государь по имени Абдулла, а по другим Абдул-Азис-хан, у этого государя был прокажонный сын, названный потому Алача — пестрый. Отец его, исполняя древний обычай изгонять всех одержимых этой прилипчивой язвой, изгнал и сына своего, в то же время многие подданные, недовольные жестокостью Абдуллы и побуждаемые голодом, отправлялись в степи, лежащие на север от реки Сыр, в пески Каракум и Бурсук, и начали казачествовать. Храбрые и удалые батыры усилились до трех сотен и приобрели в скором времени известность, силу и богатство. Проходят несколько лет, начинаются бедствия; шайка казаков всюду терпит беспрестанное поражение от соседей. Степная вольница чувствует голод, а безначалие и несогласие членов братства приводит их в расстройство и междоусобие. К довершению несчастия сам Абдаллах, пользуясь временем, начинает поиски, и только сила провидения спасает их от конечной гибелию. При таком плачевном ходе дел среди двух сотен является мудрый старец Алач (иностранец, чуждый) и говорит им речь до того сильную и убедительную что казаки провозглашают его своим родоначальником и судьей, а по совету его приглашают прокажонного сына Абдуллы Алача и ставят его ханом. Таким образом, степные бродяги-казаки, сделавшиеся уже благоустроенным обществом и в некотором смысле нацией (если слово это можно применить к народности кочевой), в ознаменование своей независимости, отдельности, в память именно своего хана Алача и отца суды Алача, назвались Алач или по числу сотен — Уч Алач. Но, несмотря на внешнее перерождение, соседи и сам Абдулла смотрели на них все еще как на бродяг-разбойников, и название казак осталось за ними и тогда, когда Алач, с сыном Алача, в полном составе трех сотен, пользуясь голодом болезнями в народе Абдуллы, заставил его письменно признать их независимость. Так Алач сделался народом Алача его ханом44

Екінші аңыз нұсқасы. “Дала елінде Қызыл Арыстан деген хан өтіпті. Бір соғыс кезінде хан қолға түсіп қалған сұлу қызды тоқалдыққа алады. Әлгі қыз босанып, тұла бойы ала ұл туады. Мұны жаман белгі – ырым деп есептеген хан бәйбішесінің үгіттеуімен жас нәрестені Сырдарияның суына тастайды. Суда ағып келе жатқан баланы бір шал құтқарып алып. асырап тәрбиелейді. Алаш деген ат береді. Алаш өсе келе есімі төңірекке мәшһүр батыр ретінде атағы шығыпты. Осыны естіген әкесі баласын кері, өзіне шақырмақ болады, бірақ ханның билері Қотан мен Майқы баланы ордаға әкелмей-ақ сол жақта қалдырып, қарамағына серілер жасағын беру жөнінде ақыл айтады. Аңыз бойынша, Алашқа Қотан бидің үш баласы — Үйсін Болат, Алшын бастаған үш жүз жауынгер қосылған45.

Тарихшылар осы екі аңыздағы есімдерді нақты тарихи тұлғалар деп есептеп, әртүрлі байламдар жасап көрді, бірақ көңілге қонымды ештеңе шықпаған сияқты. Қалай болғанда да Алашты Бұқара билеушісі Абдуллаға не Моғолстан ханы Алашаға “меншіктеп қоюы” нәтиже бермегені айқын. Ал тарихи тұлғалар — Ақназар мен Шыңғыс ханның Алаша хан делінуі белгілі бір сапада ғана дұрыс. Тек бұл жағдайда Алаш — Шыңғыстың немесе Ақназардың өз есімі емес, кейінгі қазақтардың аңыздық жадында Алаш атағына сай келетін тарихи хандарға сырттай берген есімі ғана. Алаш — тарихи адам есімі емес, өте ежелгі мифтік образ, бұл есімді әр кезде, әр жерде әртүрлі кісілерге бере берген. Сонымен, Алаш пен Алаша дегеніміз кімдер?

АЛАШ — прототүркілердің ортаазиялық тобының мифологиясындағы күн және шарт пен келісім тәңірінің46 есімі.

АЛАША — мифтік алғашқы адам, алғашқы қоғам құрушы, билеуші, батыр. Бұл туралы іс жүзінде анық аңыз сақталмаған, бірақ қолда бар фольклорлық материалдарды мифологиялық реконструкциялау арқылы көрсетуге болады.

АЛАШТЫҢ АЛАЛЫҒЫ. Алалық, түктілік, алапестікке байланысты әңгімелер тектен-тек айтылмаған, бұлар таза мифтік түсініктерден қарабайырлануы немесе тұрпайылану нәтижесі ғана. Қарабайырлану (профанация) — ежелгі мән мен идеяның ұмытылып кетіп, есте сақталып қалған сөз тіркесі мен әңгіме фрагментінің кейінгі жағдайда басқаша түсіндірілуі. Алалық — күн белгісі, яғни атрибуты. Қазақ танымында мұндай күнтекті белгі ретінде мына сөздер қолданылады: қалша, қол, пес, алапес, шұбар, күрең, т.б. Бұлардың барлығы да ежелгі күнтекті образдың сипаттарынан қалған сарқыншақтар; қазақ жырлары мен ертегілерінде батырдың өзіне, не болмаса, оның атына берілген теңеу болған. Алалық пен алапестікті кейін тек ауру-сырқат болар деп түсінген, шындығында “пес” сөзі де “денедегі таңба”, “қал” дегенді білдіреді, оны белгілі сырқостыққа телу кейінгі қазақ тілінің дәстүрі, ертедегі протоқазақтар күн бетіндегі дақты денедегі қалға, меңге ұқсатқан.

Аңыздағы Алаштың күнтектілігін көрсететін фрагмент баланы суға тастау: бірде құдықта, бірде дарияда су бетінде қалқып жүрген бала — мифтік деңгейде алғашқы, ғаламдық түпкі суларда қалқып жүрген күн немесе күн тумағы. Тумақ (зародыш) — белгілі бір нәрсенің алғашқы өмір сүру формасы, мысалы, қазақта туғанына әлі қырық күн бола қоймаған нәрестені тумақ дейді, яғни бала әлі туған жоқ, әлі о дүниелік деп түсінілген. Міне, күн де аталған аңыздардың суға тасталу сюжетінде әлі тумаған күн болып табылады. Аңызда күн мен күнтекті бірінші адам образдары мидай араласып кеткен, мұның өзі әлденеше әңгімелеу варианттарын туғызған. Сырдария өзені тарихи оқиғаның болған жерін көрсете алмайды, өйткені ол кейін қосылған “кірме топоним” ғана, бірақ ол нақты сақталған аңыздардың осы Сыр бойында айтылатын нұсқасы екендігін тап басу қиын емес. Алаштың әкелері делінетін Абдул-Әзіз, Абдулла және Қызыл Арыстан да тарихи емес, мифологиялық көне ұғымдарға жаңа түсінік-коментарий беру мысалдары болып табылады. “Абд” — иран тілдеріндегі “жеті “санының атауы, яғни Абдулла да, Абдул да көнетүркілік “йетіал”, “итаал”, “жеті ал” сөздің аудармасы ғана. Айта кетер жайт — ал сөзі иран тіліне дәстүрлі көктүрік заманынан, яғни б.з. 5-6 ғасырынан бұрынғы түркі тілінен ауысқан деуге негіз бар (Абдал-абдул-итаал жөнінде жеке әңгімелейміз). Сол сияқты Қызыл Арыстан сөздері де ежелгі сипатын аз да болса сақтай алған; мұндағы қызыл сөзі де ал, ал-қызыл, алау-алаг ұғымдарымен мәндес (Арыстан жөнінде өз алдына бөлек әңгіме бар). Алаш пен алаша сөздерінің мифтігі мен универсал мәнділігін барынша дұрыс түсіну үшін алдымен қазақ тіліндегі ал сөзінің мәнін білген жөн. —АЛ МЕН AJIA. Қазақтың күнделікті тілінде ең көп қолданылатын сөз — Ал. “Ал кеттік”, “ал сонымен”, “ал отырдым “, “ал енді”, “ал жақсы ” сияқты тағы да басқа сөз тіркестерінде қолданыла беретін “ал “-дар каншама. Қазақ тілі мамандарының бұл сөз жөнінде айтары белгілі; шылау, орыстың “и, ну, итак, таким образом” сияқты сөздерінің баламасы ғана. “Ат” сөзінің мәні әлгі шылаудан да кеңірек, сірә, бұл сөз — өте ежелгі қазақтардың киелі есімі.

Алуақыт көрсеткіші — ал/ғашқы. ал/дыңғы. ал/ғы
Қозғалыс көрсеткіші — ал, алу, алдыру (бірдеңені)
қызыл түс — ал-қызыл, албырау, алый
от, жалын — алау, лаулау

Сонымен, “ал” сөзі — ежелгі универсал мағыналы түбір-сөз. Әдетте оның артына жалғау мен жұрнақтың қызметін атқарған “ақ” (ағ) сөзі жалғанып барып жаңа сөз жасалынады, ол сөз — Алағ. Қазақ тілінде осы көне сөз төрт вариантта сақталып, бір-біріне кедергі жасамай өмір сүруде.

АлақКөне түркі, оғыз тілдеріндегі айтылуы
Алаш“Алағ” сөзінің “аладж” болып, одан “алаш” болып өзгеруі.
Алауқыпшақ-қазақ тілінде сөз соңындағы “ғ” дыбысы “у”-ға айналады.
Алақыпшақ-қазақ тілінде сөз соңындағы “ғ” дыбысы түсіп қалады.

Егер жоғары мен төмен немесе ақ пен қара бір-біріне қарама-қарсы, дуалистік жағдайда тұрса, орта дүние осы екеуінің ортасында, аралығында орналасқан үшінші дүние болып табылады, оның бойында жоғарға да, төменге де тон сипат, қасиет бар, яғни оның түсі де, аты да “ақ”, “қара” да емес, нақ осы ала (алағ) бола алады.

Үш дүниенің түстік-реңктік сипаты48

Түс реңкҒаламның мифтік вертикаль үлгісі бойынша орныСипаттамасы
Ақ түсЖоғары немесе аспан дүниесіАспан мен жоғарылықтың, яғни тәңірлердің мекені ретінде ақ — тазалық пен пәктіктің символы
Ала |ғ] не қызылОрта, жер бетіЕкі шеткері [жоғары мен төмен) дүниелер арасындағы орта ретінде ол ақ пен қараның. жоғары мен төменнің сипаттары мен қасиеттерін араластыра сіңірген. Сондықтан ол барлық жағынан да тұрақты сипаты жоқ, ақ та, қара да емес, алуан сипатты “ала” дүние, т.б. Ауызекі тілде ол “ала, алаш” делінгенімен, тұрақты түс түстеуде “қызыл түспен” |ал, алау, алағ, ал-қызыл] белгіленеді
ҚараТөменгі су, жер асты дүниесіТөменгі дүние — зұлымдықтың ордасы, сонымен қатар қара сөзі — байлық пен тылсым білім мен танымның символы

Бұл жердегі “ала” (шұбар, әртүрлі) мағынасы сөздің бастапқы мәні емес, ол мифтік танымнан шыққан туынды, екінді49 мағына болып табылады.

Міне, ала-алағтың аталмыш мағыналары от-алағ және қызыл-ал мәндерімен ұштасып көп мәнді, синкретті ал-ала-алағ-алау-алаш ұғымын туғызған, алаш, алан, алғи, алғадай, алшын, алтай басқа да сөздер осы универсал ұғымнан өрбігендер. Ала сөзіне қатысты арғы жағында мифтік қайнары жатқан сөздердің кейбіріне қысқаша шолу жасап көруге болады.

AЛA ЖІП. Қазақта “ала жібінен аттау” деген сөз бар, ол — ұрлық жасау және біреуге қиянат жасау дегенді білдіреді. Ал арғы танымдық мифтік мәні — қалыптасқан шектен, нормадан шығып кету, яғни белгілі бір тәртіптің шекарасы осы — ала жіп. мысалы. екі дауласушы жақтың арасына ала жіп тасталады не керіліп қойылады. Бұл да шекара, төреші үшін ақ пен қараның шектесу аймағы — ақ пен қара арасындағы әлгі ала-алағ. орта дүние. Ала жіп жас баланың аяғына тұсау ретінде де пайдаланылады, бұл жағдайда баланың аяғынан тұрып тұсауының кесілуі — баланың о дүниеден (қазақта туған адам “әлі қырық күнге не бір-үш жылға дейін бұ дүниелік емес” деп есептелінген) өтіп, тірі адамдар қатарына қосылуы, ала жіпті қиып, шекарадан өтуі болып табылады.

AЛA ҚАП. Бұл Алдар Көсе мен шайтан туралы хикаяларда сақталған. Алдекең шайтанға бүкіл дүние сыйып кететін ала қапты көтергізіп қояды, мұндағы дүниежүзі сыйып кететін ала алаша қап — сол әлемнің өзі, орта дүние – игерілген космос болып табылады.

AЛA ТУ да қазақ фольклорында өте жиі кездесіп тұратын мифтік атрибут. Ту — белгілі бір дүниенің, топтың, қоғамның және жеке тұлғаның заттану формасы, символикасы. Бітімге ақ ту, қазаға қара ту көтеру (өлген кісінің жасына қарай ақ та, қызыл да ту көтеру ғұрпы болған) жоғарғы және төменгі дүниені көрсетсе, ала ту (қызыл ту немесе алабажақ ту) орта дүниенің, яғни жер бетінің, болмыстың, тірі дүниенің символы болып табылады50. Алаштың алаша шұбар ту байлауы — ең алдымен хаостан космосты бөліп алуы, тіршілік орнатуы болмақ. Бұл жерде қазақ дүние танымының түпкі астарын тани білген Ж.Қарагөзованың пікірлерін өзгертпей-ақ беруге болады: “ала” как символ срединного мира, земной жизни находит применение во многих обычаях, А.Х.Маргулан приводит пример того, что, если умерший был человеком среднего состояния, то нескольких коней привязывали к разноцветной веревке” (42-б.).

“Ала тай”, “алаша ат” сияқты фольклорда жиі кездесетін образ да синкретті мәнге ие. Ала тай, біріншіден, мифтік батырдың зооморфты (мифтік жануар бейнелі) өз образы, екіншіден, жалпы орта дүниенің тірі тұлғалану үлгісі, үшіншіден, күннің өз образы, төртіншіден, ала тай — уақыт белгісі (бұлар жөнінде келесі әңгімелерде тоқталып өтеміз). Алашқа қатысты сақталып қалған өлең жолдарындағы ала ту, ала ат образдары тұтас мифтік уақыт-заманды көрсетеді.

Алаш Алаш болғалы.

Алаша атқа мінгелі,

Ала шұбар51 ту байлап,

Алашқа ұран бергені,

немесе:

Алаш алаш болғанда,

Таңбасыз тай,

Енсіз қой болғанда, — дегендегі негізгі мифологиялық картина: бағзы заман, ғаламда тәртіп пен үйлесім жоқ уақыт. Міне, осы сәтте Алаш-күн хаосты жеңіп, космоста тәртіп орнатып, алғашқы адамзат қоғамын жасайды, мұндағы ала ту байлау — билік, ұран беру — әр сословиенің, әр тайпа мен халықтың, әр мифтік образдар тобының қашанғы орны мен мәртебесін айқындап беруі. Таңбасыз тай мен енсіз қой да хаостың белгісі, көшпелі үшін тіршілік көзі болып табылатын малдың меншіктелмеуі — бүкіл ғаламдағы тәртіпсіздік, берекетсіздік болып табылады.

Қазақ ауыз әдебиетінде алашқа қатысты сөз тіркестері жеткілікті, біз осы екі-үш мысалмен негізгі ойды көрсете алдық деп есептейміз, ал “аласөздердің” толық тізімін жасаудың да өз кезегі келер. Көшпелі таным бір сөзге тек бір ұғым берумен шектелмейді, бір сөздің бойында екі не бірнеше бөлек ұғым бір-біріне кереғар болмай, үйлесе ұштасып тұрады. Бұл іс жүзінде көшпелі мәдениеттің негізгі заңы.

—Алаш пен Алаша—екі бейне—

Аңыздағы Алаш екеу. Бірі — қарт Алаш болса, екіншісі — жас Алаша хан. Жатжұрттық қарт Алаш алапес жігітке Алаша деген есім береді. мифологиялық реконструкцияда күн тәңірі Алаш алғашқы адам — Алашаға жер бетіндегі билікті береді, яғни Алаша хан “жердегі күн” немесе “Алаш — күннің жердегі көлеңкесі”. Әлішер Ақышев өзінің “Искусство и мифология саков” деген тамаша еңбегінде осыларға ұқсас образдардың ежелгі иран мифологаясында да болғанын жазады. Авесталық иран мифінде күн және келісім тәңірі Митра жердегі өзінің “көлеңкесі”, “жердегі күн” — Йимаға билік функциясын береді. Бұл күн — Алаштың жердегі өз көлеңкесі — Алашаға билік функциясын беруімен дәлме-дәл келіп тұр.

Алаш-Алаша сюжеттік моделі өз мифтік сипатынан баяғыда айырылып қалса да, Алаш типті бейнелер қазақ эпосында мол сақталған. Олардың жырдағы сюжеттері мен жеке сөздері арқылы ежелгі күн және келісім мен шарт тәңірі — Алаштың аз да болса мифтік функциясын қалпына келтіруге болады.

Күн және келісім-шарт тәңірінің қызметі

КҮН — көшпелілердің қайсысы болсын, мейлі түркі тілді, мейлі иран немесе моңғол тілді болсын, басты тәңір болған. Егер иран тілді делініп жүрген сақ-скифтер мен массагеттер, сондай-ақ сармат-аландардың мифологиясындағы күннің мифологиялық мәні біршама зерттелсе, ғұндар мен түркілердің осындай сенімі алдын ала қойылған тар стандарттарға сай, “оларда мұндай жоқ” деген желеумен зерттелінбеді десе де болады. Қ.Салғараұлының “Алтын тамыр” (1986. 42-43-бб.) кітабында хунну-ғұндарға қатысты

“бала беру” [жасампаздық]Жырларда, аңыздарда әулие ретінде оның басына түнейді, ол бала береді.
“хан тағайындау” [билік]Жетім балаға хан мәртебесін алып береді51..
Жауынгерлер мен жолаушыларға қамқорлық [қамқорлық]Соғыста пір ретінде жәрдем береді.
Есім беру [жасампаздық] “сөз айту”,[тәртіп пен билік]Балаға ат қояды. Берекесі кеткен елді жөнге салады.

сюй және сый (қытай транскрипциясы) ғұрыптары туралы қысқа түсініктемелер бар53.

Қазақ тіліндегі “күн көру “, “күндеу ” “күншіл” “күнелту “, т.б. сөздердің қазіргі мағыналарын талдап жатпай-ақ, сол мағыналардың тууына ықпал еткен мифтік түсініктерді көрсетуге болады. ең бастысы күн сөзі қаншама жаңа мәнді сөздердің жасалуына мүмкіндік бергенін білу ғана. Ал “күн жауды”, “күн күркіреді” деген тіркестердегі “жауды”, “күркіреді” деген етістіктердің күнге емес, жауын-шашынға (жаңбыр жауды) және найзағай мен бұлтқа (күркіреу) қатысты екендігін байқау қиын болмас, бірақ олардың қызметі күнге берілген, яғни күн универсал мифтік шаруа атқарып тұр. Бұл да арғықазақтарда күн осы күнгі ғылыми әдебиетте айтылып жүрген Тәңір мен Ұмайдан да маңызды мифологиялық образ болғандығын көрсетеді.

ЕРТЕГІЛІК АЛАШТАР. Ең алдымен қазақ ертегілеріндегі “көрінбейтін” Алаш образдары деуге болатын сюжеттерді теріп көрелік. Бірініші аңыз — Еркемайдар бала мен Наран деген егіздер өтіпті. Жаугершілік заманда екеуі құдыққа – төменгі дүниеге жасырыныпты. Бұл ала баланы суға тастаумен бірдей. Наран — моңғол тілінің “күн” (нар) деген сөзінен шыққан, ал Айдар — мифтік күн атрибуттарының бірі, шаш қою модасы ретінде дала көшпелілерінің мұсылман дінін қабылдап болғанға дейін сақталған, украин-запорожье қазақтары осы моданы XIX ғ. дейін сақтағанын білеміз (бұл үзінділер төрт томдық “Ертегілер” жинағынан алынды). Осы ертегілік Еркемайдар-Наран күнтекті образдар, олар шежіре аңыздық Алаш пен Алашаға қарағанда мифтік архаикалық сипатқа ие. Еркемайдардың қоңыр күрең тайы да осы күнтектілік көрсеткіштердің бірі.

Екінші аңыз: Бір ханның кіші әйелі алтын айдарлы ұл мен қыз босанады, осыны көре алмаған бәйбіше сиқыршы кемпірге айтып, екі баланы құдыққа тастатқызады, ал кіші әйелді “күшік тапты” деп, жала жауып қудыртып жібереді. Құдайдың құдіретімен Жебірейіл періште құс кейпіне еніп, ұшып келіп екі баланы құдықтан шығарады да бір баласыз кемпірге әкеліп тастайды.

Үшінші аңыз: “Мұңлық-Зарлық” ертегі-дастанында ең үздік салыстыру мысалы бар. Он сан ноғай елінде Шаншар деген хан болыпты, бұл кісі қартайған шағында теңіз жағасында (мифте — су дүниесі — төменгі дүние) тұратын шалдың қызын әйелдікке алады. Шалға дастанда мән берілмегенімен, мифологияда ол — су дүниесінің иесі, ал оның қызы су перісі болып табылады. Әлгі қыз босанып, алтын айдарлы бала, күміс айдарлы қыз туады, үлкен қатындар аярлығы нәгижесінде қыз “ит тапты” деген жаламен “жеті қабат аралға” (мифтік о дүние) апарып тасталынса, екі баланы дарияға ағызып жібереді.

Төртінші аңыз: Ертөстіктің әйелі болған Дудар қыз басы алтын, арты күміс ұл туады. Бұл ертегіде енді егіздің бірі түсіп қалған, оның есесіне баланың сиқырлы құла аты бар.

Бесінші аңыз: Ноғайлы ханының Ақборық деген әйелі бір ұл мен бір қыз туады, белгілі сюжет ретімен балаларды құдыққа тастаса, шешесін Құласу деген дарияның ортасындағы аралға апарып тастайды.

Алтыншы аңыз: “Алтынбас-Күмісаяқ” деген қарабайыр дастанда бір баласыз ханның 85-ке келген кемпірге үйленіп,- кемпірдің бала тапқаны айтылады:

Пендеде Алла деген иман тапты,

Иманның өтірік сөз бетін жапты.

Тоғыз ай, тоғыз сағат болғанында,

Сол кемпір алтын басты бір ұл тапты.

Міне, осы алтын басты бала түсінде Күмісаяқ деген қызды көреді В.В.Радлов жинағында).

Жетінші аңыз: В.В.Радлов жазбаларында кездесетін “Ақсақ Темір” шала-примитивті дастанында да осындай сюжет өрбіген. Ханның әйелі “бір күні кіші қатын кәлимә боп, мышан басы күміс, көті алтын бір ұл тапты” делінеді, ол баланы да дарияға ағызып жібереді.

Осы ертегілік “алаштардан” басқа Алаштың шежірелік аңызының параллелі болып табылатын басқа да нұсқалар бар. Солардың бірі — В.В.Радловтың жинағындағы Шыңғыс хан туралы аңыз. “Алтынбел деген хан өтіпті. Бір күні оның әйелі қыз босанады, хан қызын жер астына жасырып қояды. Біраз жыл өткесін, бір күні баяғы қыз далаға шыққанда құдайдың құдіретімен күн сәулесінен жүкті болып қалады, хан екіқабат қызын сандыққа салып дарияға ағызып жіберуге бұйрық қылады. Дария жағалауында аң аулап жүрген екі аңшы — Домбағұл соқыр мен Тоқтағұл мерген сандықты көріп жағаға шығарып алады. Алдын ала келісіп алып, алтын сандықты Домбағұл, ішіндегі қызды Тоқтағұл алады. Тоқтағұлдың әйелі болған әлгі екіқабат қыз босанып, ұл туады, баланың есімін Шыңғыс деп қояды. Кейін әлгі қыз Тоқтағұлдың өзінен үш бала көреді. Үш ұл өскесін билікті қызғанып, Шыңғысты қуып жібереді, ол дарияның бастауына кетіп, аңшылықпен айналысып өмір сүреді. Үш ұл елді келістіріп басқара алмай қойғасын халық Шыңғысты дария бойынан кері шақыртып алып, елдің басшысы етіп сайлайды, ал үш інісі оның билігін мойындайды. Шыңғыс ханның өзінің үш ұлы, бір қызы болады, кейін үш баласы Рум, Қырым мен Араб еліне, ал қызы Орыс еліне хан болған деседі. Мұндағы Шыңғыс, Домбағұл есімдері моңғол аңызындағы Шыңғыс хан мен Добун мерген есімдерінің қазақыланған нұсқасы болғанымен, аңыз таза түркілік сюжетке негізделген. Сондай-ақ моңғолдық Алан Гоа, Бөрте-Чино, Хо Марал, Бодончар есімдеріне қатысты белгілі деңгейде түркінікіне ұқсас аңыздары бар екендігін айта кету қажет.

Келтірілген ертегі-дастандық және шежірелік сюжеттерден байқайтынымыз — әртүрлі фольклорлық материалда әртүрлі сапада баяндалғанымен ежелгі бір, ортақ мифтік қайнардан бастау алады. Рас, әр ертегіде бір не бірнеше сюжеттік элемент түсіп қалып жатады. Мысалы, бір ертегіде қыз да, бала да болса, енді бірінде қыздың бар екені айтылса да ешқандай оқиғасы болмайды, тағы бірінде тек бала болғаны ғана әңгімеленеді. Бұлардың бәрі — заманға, әдеби жанр сипатына (дастан, шежіре, жыр, ертегі) ең алдымен сол әдеби мұраны баяндаушы кісінің дүниетанымына, діни түсінігіне, білім деңгейіне, мекендеген орны мен өмір сүрген уақытына байланысты заңдылықтар.

Бар болғаны жеті-сегіз ертегілік үзіндіден әзірге көңіл аударатын мифологиялық мәселеміз — тек күнтекті образ табиғаты болмақ (бұдан басқа да мифтік элементтер бар). Біріншіден, оқиғада егіздер туралы сөз болады, ер балаға басты назарды аударып, қызға тек ертегілік үстеме, балласы ретінде қарау кейінгі ертегіші не жыраудың үрдісі болғанымен, ежелгі мифтік құрылымда қыздың да, баланың да нақты мифологиялық орны, функциясы болған. Міне, осыны қалпына келтіре білу — Алаш образын түсінуге қажетті басты қосымшалардың бірі болып табылады. Алтын бала мен күміс қыз мифтік күн мен ай тұлғалары, бұл аспан — астральдық мифологияның образдары. Ал көшпелілерге тән универсалдық пен синкреттілікті ескерсек, бала мен қыз антропогониялық (адамзаттың жаралу мифі) мифологияда алғашқы адам қосағы, егіздер болмақ. Сонымен, алтын бала мен күміс қыз – алғашқы екі адам, бірақ олар мифтік мәннен өте ерте заманда-ақ айырылып, жыр мен ертегінің кейіпкеріне айналып кеткен. Екіншіден, алтын мен күміс сипаты тек бала мен қызға ғана емес, басқа да нәрселерге телінген, мысалы, алтын бас — күміс көт, не керісінше, күміс бас пен алтын арт, алтын-күміс айдар, алтын-күміс кекіл (Алпамыс бейнесі) т.б. Мұндағы басты мәселе бір образға екіұдай сипаттың сыйғызылуы болып отыр, яғни бірде алтын бала және күміс қыз сияқты екі образ, енді бір жерде тек бір ғана образ — алтын-күміс бала болып қана баяндалады. Бұл кездейсоқтық емес. мифтік заңдылық. Алтын мен күміс екі түс, екі қасиет, екі сапа, осы екеуінің бірігуі аралас түс, аралас қасиет, аралас сапаны көрсетеді, яғни “алалық” пайда болады. Алаш немесе Алаша деп отырғанымыз — осы алтын бала мен күміс қыз, сондай-ақ олардың бірігіп кеткен образы алтын басты, күміс көтті бала. Бұл қазіргі оқырман үшін тұрпайы болып көрінгенімен басқа халықтар мифтік дәстүрінде молынан кездесетін жәйт. Мысалы, ежелгі үнді мифіндегі алғашқы адам — Яма басқа варианттарда егіз бала мен қыз — Яма мен Ями түрінде баяндалады, ал Яманың ежелгі ирандық параллелі – Йима да, кейде Йима бала және Йимак-қыз болып та әңгімеленеді. Осы қатарға Майқы-еркек пен Ұмай-ұрғашы есімдерін қосуға болады. Міне, осы тізімде қазақтың Алашы да бала-алаш пен қыз-алаш (сірә, ежелгі заманда Алаш еркек, ал Алаша әйел деп түсінілген болар) болып кейіптенсе, ойға қонымды болмақ. Иран мифологиясындағы күн тәңірісі — Митра да кей нұсқада әйел бейнесінде суреттелген, сол сияқты алтай-түркі мифіндегі тәңір Эрлик те кейде әйел кейпінде баяндалады. Қалай болғанда да Алаш бейнесі күрделі дүние болып табылады. Қорытынды ретінде айтсақ, ертегідегі алтын бала-Алаштың еркек бейнесі, ал күміс қыз — оның әйелдік бейнесі болады, оған қосымша тірек ретінде тағы бір қазақ мифологиясының реконструкцияланған қосағы — Майқы мен Ұмайды айта кетуге болады.

Ертегілік егіз қыз бен бала — мифтік алғашқы адам образы, ал олардың алтын-күміс сипаты — мифтік күн тәңірінің (дұрысы, күн мен айдың) сипаты. Ертегіде алғашқы адам мен Күн образдары араласып кеткен, яғни бұл жерде күн-Алаш пен адам-Алашаның бейнесі қатар жүр.

Sun
Sun
Оцените автора
Добавить комментарий