Дұрыс тамақтану: денсаулық, даму және жақсы көңіл-күйдің негізі

Дұрыс тамақтану: денсаулық, даму және жақсы көңіл-күйдің негізі Дұрыс тамақтану — бұл уақытша диета емес, бұл өмір салты. Әсіресе жасөспірім шақта тамақтанудың маңызы өте жоғары. Себебі дәл осы кезде ағза белсенді өсіп, қалыптасады, гормондық жүйе өзгеріп, болашаққа негіз қаланады. Бұл кезеңде ағзаға энергия, дәрумендер, ақуыздар мен минералдар көп мөлшерде қажет. Дұрыс тамақтану – мидың жұмысына, иммунитетке, тері мен сүйек денсаулығына, тіпті көңіл-күй мен өз-өзіне сенімділікке де әсер етеді. Дұрыс тамақтану деген не? Дұрыс тамақтану — бұл: • Тұрақты режим (күніне 4–5 рет); • Түрлі әрі табиғи тағамдар; • Ақуыз, май, көмірсу, дәрумен мен минералдардың теңгерімі; • Қант, тұз, қаныққан май мен дайын өнімдерді шектеу. Ағзаға қажетті негізгі өнім топтары 1. Көкөніс пен жемістер – Дәрумендерге, талшық пен антиоксиданттарға бай. – Иммунитетті нығайтады, ас қорыту мен тері жағдайын жақсартады. – Күніне 400–500 г (түрлі түсті 5 порция) тұтыну ұсынылады. 2. Дәнді дақылдар мен жармалар – Ұзаққа жететін энергия көзі, B тобы дәрумендеріне бай. – Мидың жұмысын жақсартады, қандағы қантты тұрақтандырады. – Мысалы: қарақұмық, сұлы, қоңыр күріш, тұтас нан. 3. Ақуызды тағамдар – Бұлшықет, сүйек, тіндердің құрылыс материалы. – Жасөспірімдердің өсуі мен қалпына келуі үшін өте маңызды. – Көздері: ет, балық, жұмыртқа, бұршақ, сүт өнімдері, жаңғақтар. 4. Сүт және қышқыл сүт өнімдері – Кальцийдің негізгі көзі, сүйектер мен тістер үшін қажет. – Сонымен қатар, құрамында ақуыз, В2 және D дәрумені бар. – Күнделікті ішкен жөн: айран, сүт, сүзбе, йогурт. 5. Пайдалы майлар – Ми мен гормон жүйесінің жұмысы үшін қажет. – Реттеу үшін өсімдік майларын, жаңғақ пен балық майын қолдану ұсынылады. – Бірақ артық майдан сақтану керек. 6. Таза су – Ағзадағы барлық процестерге қатысады: ас қорыту, қан айналымы, температураны реттеу. – Күніне кемінде 1,5–2 литр су ішу керек.

Қоректік заттардың рөлі

Құрамдас бөлікМаңызыНегізгі көздері
АқуыздарӨсу, қалпына келу, бұлшықет пен тін құрылысыЕт, балық, жұмыртқа, сүт, бұршақ
МайларЭнергия, тері, ми, гормондар үшін қажетЖаңғақ, өсімдік майы, балық
КөмірсуларНегізгі энергия көзі, әсіресе оқу мен қозғалыс кезіндеКрупа, көкөніс, нан, жеміс
ДәрумендерИммунитет, көру, сүйек, тері саулығыКөкөніс, жеміс, дәнді дақылдар, бауыр
МинералдарСүйек, жүрек, жүйке жүйесі жұмысыСүт, ет, көк, жаңғақ
Минералды тұздар мен микроэлементтер Жасөспірім кезінде келесі микроэлементтерге ерекше назар аудару керек: • Йод – Қалқанша безінің дұрыс жұмысы мен ақыл-ой дамуына қажет. Көздері: теңіз балығы, балдыр, йодталған тұз. • Темір (желе¬зо) – Қандағы гемоглобинге, оттегі тасымалдауға жауап береді. Көздері: бауыр, қызыл ет, қарақұмық, алма, шпинат. • Фтор – Тіс эмалін нығайтады, кариестен қорғайды. Көздері: шай, теңіз өнімдері, фторланған су. • Мыс (мыс элементі) – Қан түзу және иммун жүйесі үшін маңызды. Көздері: жаңғақ, бауыр, дәнді дақылдар. • Селен – Клеткаларды қорғайтын антиоксидант. Көздері: теңіз өнімдері, жұмыртқа, сарымсақ, бразилиялық жаңғақ Жас ерекшеліктері 10–13 жас – Бұлшықет пен сүйектің белсенді өсу кезеңі. – Кальций, ақуыз және D дәруменіне сұраныс артады. – Таңғы ас міндетті, сүт пен ақуызды тағамдарға басымдық берілуі тиіс. 14–16 жас – Гормоналды өзгерістер, бет терісінде өзгерістер пайда болады (безеу, майлылық). – Су ішу режимін сақтау, қант пен майды шектеу өте маңызды. – Темір, йод, мырыш – басты қажетті элементтер. Майды шектеу не үшін қажет? • Көп мөлшердегі қаныққан майлар (қуы¬рылған тағамдар, чипсы, фастфуд, майлы ет) жасөспірім ағзасына зиян келтіреді. • Олар тері проблемаларын, артық салмақты, гормондық бұзылуларды күшейтеді. • Керісінше, пайдалы майлар (балық, өсімдік майы, жаңғақ) қажетті мөлшерде пайдалы. Қандай тағамдарды шектеу керек? • Газдалған тәтті сусындар • Чипсы, фастфуд, тәтті тоқаштар • Артық қант пен тұз • Жасанды қоспалары бар өнімдер • Тамақты өткізіп жіберу немесе асығыс жеу Дұрыс тамақтану – денсаулықтың, сергектіктің, күш-қуаттың және ойлау қабілетінің негізі. Әсіресе жасөспірім кезде ағзаға қажетті заттарды дұрыс әрі теңгерімді түрде беру – болашақтағы мықты денсаулықтың кепілі. Неғұрлым ерте дұрыс әдеттерді қалыптастырсаң – соғұрлым жеңіл әрі сәтті өмір сүру мүмкіндігі жоғары.