Бауыржан Момышұлының өсиет сөздері

1.  Қайратты әдісіңе жолдас ет,
Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.

2. Сабырлық алдында дұшпан сасады,
Сабырсыздан береке қашады.

3. Адамды бұзатын не? Тағы да сол – атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз – еркектер бұзамыз.

4. Қой бастаған арыстан тобынан, арыстан бастаған қой тобы артық.

5. Қол көтермес шоқпарды беліңе байлама.

6. Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.

7. Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.

8. Үміт – өрге тартады, үмітсіздік – көрге тартады.

9. Сөз жылата да, жұбата да алады.

10. Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық!

11. Тәртіпке бас иген құл болмайды,
Тәртіпсіз ер болмайды.

12. Жауға жаныңды берсең де, сырыңды бермегін.

13. Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.

14. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

15. Тізе бүгіп, тірі жүргеннен, тіке тұрып, өлген артық.

Sun
Sun
Оцените автора
Добавить комментарий